Қазақстанда криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқан үш азамат сотталды

143

Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден асты. 

Қазақстанда криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқан үш азамат сотталды Фото: canva.com

Солтүстік Қазақстанда цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген. 

"Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптокошелек арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған. Қазақстан Республикасының аумағында қызметі тыйым салынған криптобиржалар арқылы жасалған бұл операциялар заңсыз болды. Заңсыз айырбас операциялары нәтижесінде схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған",  делінген хабарламада.

Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден асты.

380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасағаны анықталды, бұл іс-әрекет банктік шоттардан алынған үзінділермен расталды.

Сот үш күдіктіге қатысты шешім қабылдап, оларды 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүліктерін тәркілеуге шешім қабылдады.

"Құны шамамен 400 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге бағасындағы жылжымайтын мүлік, жалпы құны 213 млн теңге болатын бес көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар бар", – деп хабарлады ҚМА.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу