Қазақстанда қуаты 5 ГВт болатын бес ірі ЖЭК жобасы іске қосылады

395

Қазір елімізде электр энергиясын өндіруді 222 электрстанциясы жүзеге асырады, оның ішінде жалпықуаты 2,8 ГВт болатын 146 ЖЭК нысаны бар.

Қазақстанда қуаты 5 ГВт болатын бес ірі ЖЭК жобасы іске қосылады Фото: oilexp.ru

Қазақстан Парламенті Сенатында жұма күні "Орнықты даму мақсаттарын іске асырушеңберінде Қазақстанда баламалы энергия көздерімен жасыл технологияларды дамыту" тақырыбында орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ЖЭК секторындағы ағымдағы жағдай және осы саладағы жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің мәліметінше 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен қамтамасыз етілуі 100% құрады.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді 222 электрстанциясы жүзеге асырады, оның ішінде жалпықуаты 2,8 ГВт болатын 146 ЖЭК нысаны бар.

2023 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд. кВт/сағ (2022 жылы 112,9 млрд. кВт/сағ)деңгейінде болды, электр энергиясын өндіру 112,8 млрд.кВт/сағ (2022 жылы 112,8 млрд. кВт/сағ)құрады. Бұл ретте көршілес елдерден электр энергиясының импорты 3,4 млрд.кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд. кВт/сағ құрады. 2024 жылға арналған болжамды генерация 115 млрд. кВт/сағ құрайды.

Жаңартылатын энергия тұрақты өсуді көрсетуде. 2014 жылдан бастап оның белгіленген қуаты 16 еседен астам өсті (2014 жылғы 178 МВт-тан 2023 жылы 2868 МВт-қа дейін).

2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 6,675 млрд. кВт/сағ(ЖЭС – 3 824,99 млн. кВт/сағ; КЭС – 1 853,95 млн. кВт/сағ; ГЭС – 993,87 млн. кВт/сағ; БиоЭС – 2,71 млн. кВт/сағ) немесе электр энергиясын өндірудіңжалпы көлемінің 5,92% - құрады, бұл ретте электрэнергиясын ірі гидроэлектростанциялар қоса алғанда 13,7 % құрады.

2030 жылға қарай ЖЭК-тің 15%-дық үлесіне және2050 жылға қарай ЖЭК-тің 50%-дық үлесіне (баламалы энергетиканы ескере отырып) қол жеткізу мақсатында Министрлік жыл сайынғы аукциондық сауда-саттықты өткізуді, сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен ауқымды жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін болады.

"Қазіргі уақытта пысықтаудың әртүрлі сатысында ауқымды ЖЭК іске асыру бойынша жобалар бар екенін атап өтемін. Жалпы қуаты 5 ГВт болатын 5 ірі ЖЭК жобасын пайдалануға беру 2029-2030 жылдарға жоспарланған", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу