Қазақстанда құлдыққа түскен қырғыз азаматы көмек сұрайды

439

Ол Қазақстанға табыс табу үшін барамын деп, еңбек құлдығына түскен. 

Қазақстанда құлдыққа түскен қырғыз азаматы көмек сұрайды Фото: eadaily

Қазақстанда құлдыққа түскен қырғыз азаматы Мақсат Эсенбаев көмек сұрап өз елінің билігіне жүгінуге мүмкіндік тапты. Бейнехабарламаны 24.kg порталы жариялады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Қазақстанға табыс табамын деп барып, құлдыққа алынған, бірақ жақында қашуға мүмкіндік туып, жолда жүк көліктерін жүргізетін қырғыздардың көмегімен өз еліне жеткен.

Енді Мақсат Эсенбаев жаңа құжаттар керек, өйткені ескілерін жұмыс беруші тартып алған.

Қырғызстан СІМ болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу