Қазақстанда құмар ойындарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі

359

Заңсыз ойынханаларды ашқандарды әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілікке тарту да талқылануда. 

Қазақстанда құмар ойындарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі Фото: google.com

Елімізде ойынханалардың жарнамасына бірқатар шектеулер қойылып, бәс тігетін қазақстандықтар үшін жаңа талаптар енгізіледі. Бәс қоядың жас шегін көтеру бірінші кезекте ұсынылған бастамалардың бірі. Заңсыз ойынханаларды ашқандарды әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілікке тарту да талқылануда.

Телеарналардан және басқа да бұқаралық ақпарат көздерінен құмар ойындардың жарнамасы көрсетілмейді. Бірақ бұл талап спорттық теле-радио арналарға қатысты емес. Ойынханаларды әлеуметтік нысандардың жанынан ашуға болмайды. Ал ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғандарға жаза күшеймек. Десе де құмарға бастайтын барлық букмекерлер, лото клубтар мен казинолардың қызметі тоқтамайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу