Қазақстанда күн айтарлықтай суытады

1160

2019 жылғы 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамы.

Қазақстанда күн айтарлықтай суытады

"Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады",– делінген Қазгидромет болжамында.

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің хабарлауынша, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа температурасының 28…33° аязға дейін төмендейді, сондай-ақ кей жерде қар, бұрқасын, қатты жел күтіледі. Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерінде  қар, көктайғақ, тұман болып, түнде - 7…15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3…8°С-қа дейін күн суытады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу