Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 66% қымбаттады

748

Азық-түліктің бұл түрінің бағасы шет елдерде сәл арзандағанымен, Қазақстанда қымбаттап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 66% қымбаттады

Қазақстанда азық-түліктің ішінде күнбағыс майы бағасы әлемдік бағаның өсімінен едәуір асып түскен. 2021 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша ел дүкендері мен базарларында күнбағыс майы бір айда 2,2%, ал бір жылда бірден 66,8% қымбаттаған. 24-31 тамыз аралығында бір апта ішінде бұл әлеуметтік маңызы бар өнім тағы 0,4%-ға қымбаттады.

"Қазақстан бойынша орташа есеппен күнбағыс майының бір литрі халыққа 760 теңгеден сатылды. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында бұл өнім Атырау (849 тг), Ақтау (827 тг) және Нұр-Сұлтан (820 тг) тұрғындары үшін ең қымбат. Петропавл (649 тг), Семей (684 тг) және Өскемен (690 тг) тұрғындарына ең арзан түсті. Жылдық динамикада Батыс Қазақстан облысында май бірден 84,7%, Ақмола облысында 80,9%, Қызылорда облысында 78,8% қымбаттаған", - делінген energyprom.kz зерттеуінде.

2021 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 278,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,8% артық. Өңірлік бөліністе май өндірісінің ең үлкен көлемі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 126,5 мың тонна. Өндірістің жылдық өсімі бұл өңірде 16,5% құрады. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ Шымкент (50,7 мың тонна, плюс 76,9%) және Алматы (26,7 мың тонна, минус 32,5%) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу