Қазақстанда күнбағыс майының экспорты артты

1388

Ішкі нарықта күнбағыс майының бағасы өсуде.

Қазақстанда күнбағыс майының экспорты артты

2022 жылғы қаңтар-шілдеде отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 82,8%-ға қамтамасыз етті. Бұл кезеңде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9%-ға өсті. Импорт 18,6%-ға артып, 55,6 мың тоннаға жетті.

Күнбағыс майының экспорты 2,6 есеге өскен. Осылайша 129,5 мың тоннаны құраған. Ішкі нарықта сату айтарлықтай артпады (0,8%), деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде 308,5 мың тонна күнбағыс майы өндірілген.

Оның ішінде 145 мың тоннаны Шығыс Қазақстан облысы қамтамасыз етті. Одан кейінгі орындарда Абай облысы (59,2 мың тонна), Шымкент қаласы (32,1 мың тонна) орналасты.

Осы жылғы 8 ай ішінде 215,9 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Ал тазартылған күнбағыс майы 92,6 мың тоннаны құраған.

Қыркүйек қорытындысына сәйкес, күнбағыс майының бағасы бір айда 4,6%-ға өсті.

Ең жоғары айлық өсім Маңғыстау облысында (10,7%) тіркелді. Антилидерлер үштігіне Қарағанды (9,9%) және Ақтөбе (8,7%) облыстары кірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу