Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын Big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagner компанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған.
Ол болашақта жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді.
Құс фабрикасы 165 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 5 млрд теңге, оның ішінде СҚО-ны дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ӘКК арқылы жеңілдетілген қарыз есебінен қаржыландырылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға тиісті инфрақұрылым тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу