Биыл елімізде полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биыл құны 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Құны 1,3 млрд долларды құрайтын бутадиен өндіретін зауыт құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қолға алынады. Қазақстан Даму банкінің қолдауымен инвестор Павлодар облысында алкилат шығаратын зауыт құрылысын бастағалы отыр. "Qarmet" компаниясы жылына 200 мың тонна көмір өңдейтін жобаны іске асыруға кірісті. Жалпы құны 262 млн доллар болатын жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрін шығару көзделіп отыр", - деді Премьер-министр.
Олжас Бектенов CHN Energy компаниясы біздің елімізде көмір химиясы бойынша 4 млрд доллардың инвестициялық жобаларын іске асыруға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.
Қазір оңтайлы көмір кенінің орны таңдалып жатыр.