Қазақстанда құрастырылатын ТОП-5 көлік моделі жарияланды

Елімізде 147 431 көлік құрастырылғаны белгілі болды.  

Қазақстанда құрастырылатын ТОП-5 көлік моделі жарияланды Фото: kolesa.kz

Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ал Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, 2024 жылы Hyundai (45 364 көлік шығарған), Chevrolet (39 349), Kia (24 111), JAC (13 682) және Jetour (11 305) ең көп құрастырылатын жеңіл автомобильдер қатарында тұр.

Ал нақты модельдерге толқталсақ, Chevrolet Cobalt (33 843), Hyundai Tucson (21 881), Kia Sportage (9 192 ), Hyundai Elantra (8022 ) және Jetour X70 (5 259) көліктері көп құрастырылған. 
2024 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, елімізде 12 587 электромобиль тіркелген. Бұл бір жылда электромобильдер саны 1,6 есе өсті дегенді білдіреді. 

Қазақстан автокөлік одағының дерегінше, Қостанайдағы Allur ("СарыарқаАвтоПром") кәсіпорны 2024 жылы 90 515, Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 45 410 жеңіл көлік құрастырған. 

Ал Семейдегі СемАЗ зауыты 4 271 коммерциялық техника (+12,8%) құрастырса, Қарағанды облысының Саран қаласындағы QazTehna кәсіпорны 1 576 коммерциялық техника шығарған (-12,5%). Сонымен қатар, Көкшетаудағы "КАМАЗ Инжиниринг" зауыты 1 524 жүк көлігін (+15,5%), Алматыдағы Hyundai Trans Almaty кәсіпорны 796 коммерциялық техника (-18,9%), Семейдегі Daewoo Bus Kazakhstan 537 автобус (-11,8%), "Уральскагрореммаш" 105 арнайы техника (-14,6%) және өзге зауыттардың 2 697 техника құрастырғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу