Қазақстанда құрастырылған 300 электромобиль тұтынушыға жол тартады

834

Қазақстанда құрастырылған 300 электромобиль тұтынушыға жол тартады

2018 жылы "JAC" маркалы Қазақстанда құрастырылған 300 электромобиль тұтынушыларға жол тартпақ. Бұл туралы Астанада "Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" атты форумда қазақстандық автоөндірушілердің өкілі Сергей Могилатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгінгі күні көлік құрау форумы аясында біз өзіміздің стратегиялық қадамымызды жасағалы отырмыз. Бұл тұрғыда серіктестіктің арқасында "JAC" модельді электромобильдердің сериясын Қазақстанда шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның тұсаукесері Қытайда қазан айында өтеді. Сәйкесінше, бұдан кейін Қазақстанда сертификаттау жұмыстары іске асырылады. Егер электромобильдердің нақты осы модельін шығару туралы айтар болсақ, алғашқы партия 2018 жылы шығарылады. Олардың саны шамамен 300 жуық болмақ. Ал ауқымды түрде шығаруды 2019 жылға қарай жүзеге асыруды ойлап отырмыз", - деді ол. 

Алайда, Сергей Могилатов аталған көліктердің бағасы шамамен қанша болатынын айта алмады. 

"Сертификаттау жұмысының толық циклы аяқталмағандықтан, олардың құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Сертификаттың соңғы бағаға әсері болатыны сөзсіз. Айтарым, Қазақстанда құрастырылған электромобильдердің бағасы қарапайым автокөліктерден қымбат болмайды. Қанша айтқанмен, бұл енді ғана қадам басып келе жатқан жаңа технология. Тіпті қолдағы ұялы телефонның өзі де қуаты бітіп қалған кезде шаршата бастайтыны белгілі. Электромобиль бағытында бұл мәселенің маңызы кем болмайды. Сондықтан, ең алдымен тұтынушы қай жерге барып, қуаттандырып аламын деп жүрмейтіндей, электрлік инфрақұрылымды жолға қойып алу керек. Біз қарапайым жанар-жағармай құю бекетінде 3-5 минут аралығында көлікке бензин құйып аламыз. Егер электромобильдерге келер болсақ, ол жақта мәселе басқа. Біз түні бойы қуаттанатын көліктер күні бойы жүріп бере алатындай жағдайға жеткізе білуіміз керек. Сонымен бірге, жақын бекетте 10 минуттың ішінде қуат көзін 80 процентке толтырып алатындай болуы тиіс. Әр электромобильде екі порт бар. Бірімен үйде қуаттандырып алса, тұтынушы екіншісін бекетте қолданатын болады", - дейді қазақстандық автоөндірушілердің өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу