Қазақстанда құрылатын қар барыстарын өсіру орталығына шетелдік мамандар тартылмақ

678

Ғалымдардың есебінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 130-ға жуық қар барысы бар.  

Қазақстанда құрылатын қар барыстарын өсіру орталығына шетелдік мамандар тартылмақ

"Snow leopard foundation" халықаралық қоры Қазақстандағы қар барыстарын сақтау, оңалту және өсіру орталығын құруға Ресей, Қытай мен Қырғызстаннан мамандарды тартуға ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Орталық Алматы қаласындағы Іле-Алатау ұлттық паркінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қор мен Ұлттық парк арасында ғылыми қызмет туралы шартқа қол қойылды. Орталықты құру жобасы БҰҰДБ, ЮНЕП, сондай-ақ Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қатысуымен жүзеге асырылады. 

"Snow leopard foundation" Қазақстан аумағында орталықты құруға қатысуға тарту мақсатында кавказ қабыланы мен амур жолбарысының популяциясын сақтау және ұлғайту ісінде тәжірибесі бар Ресей тарапымен келіссөздер жүргізді. Қытай тарапының ықтимал қатысуына келетін болсақ, қор белгілі меценат және филантроп Джек Ма қорымен ынтымақтастықты талқылауға ниетті. Қытайлық әріптестерге бірлескен жұмыс перспективаларын одан әрі талқылау үшін қар барыстарын сақтау және өсіру орталығы бойынша презентация жолданды. Орталық қар барыстарын зерттеу бойынша алғашқы ғылыми зертхана құруды көздейді. Зертханада ғалымдар үшін арнайы әзірленетін қосымшалары бар жеке деректер қоры болады",  – деп жазылған қор таратқан хабарламада.

Бұл Қазақстандағы қар барыстарының экожүйесін есепке алу және зерттеу нәтижелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры осы бағыттағы серіктес. Бүгінгі күні Талғар шыңының маңайында 3 000 метрден астам биіктікте 90-нан астам фототұзақ орнатылып, "Алтын Емел" саябағында және т.б. 23 қар барысына ID төлқұжаттар тағайындалды.

Ғалымдардың бағалауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 130-ға жуық қар барысы мекендейді. Қордың мақсаты алдағы 10 жылда жануарлар санын тағы 10-ға көбейту. 

Бұдан бұрын мәлімделгендей, осыдан 3 апта бұрын қор және зоология институтының ғалымдары Алматы облысының "Алтын Емел" ұлттық паркінде қар барыстарының 10 популяциясы бар жаңа мекендеу ортасын тіркеді. Бұған дейін аталған ұлттық паркте қар барысы болмаған. Олар 20 ғасырдың 50-жылдарында КСРО кезінде-ақ жойылып кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу