Оның сөзінше, елімізде өнеркәсіптік қуаттарды теңгерімді дамыту үшін өндірістік қуаттардың теңгерімін бағалаудың арнайы әдістемесі бекітілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл әдістеме жаңа жобалардың қолданыстағы кәсіпорындарға әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мұндай бағалаудың нәтижелері инвестициялық преференциялар беру тетіктерін және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру кезінде ескерілетін болады.
Сонымен қатар, отандық өнім үлесін арттыру үшін реттелетін сатып алуларда қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары жүзеге асырылады, отандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияны дамыту және түпкілікті өнім өндіруді ынталандыру үшін өнеркәсіптік кластерлерді дамыту моделі әзірленуде.