Қазақстанда құрылыс салудың мерзімі қысқарып, құны айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Оған себеп ТМД елдеріндегі техникалық, сметалық және сараптамалық нормалаудің бірыңғай стандартының енгізілуі. Бұл туралы Ресейдің құрылыс және ТКШ министрінің орынбасары Хамит Мавлияров айтты, деп хабарлайды naryk.kz.
Құрылыс кешендеріндегі техрегламенттер мәселесі бойынша ТМД елдері базалық ұйымдарының отырысында Ресей үкіметінің өкілі бір стандартты дайындаудағы негізгі мәселе әр елдің бірнеше жылдан бері қалыптасып қалған тәжірибесін сәйкестендіру екенін айтты.
"Алайда егер міндетті талаптар бірдей болатын болса, бизнестің тек өз елінде емес, сонымен қатар көршілес елдерде де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы құрылысшылардың еркін жұмыс істеуіне кедергілерді алып тастаймыз", дейді Мавлияров.
Оның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс компаниялары көрші елдердің нарығына кіруі үшін бірнеше құжатты сәйкестендіруі керек. Ал талаптар бірдей болған жағдайда құрылыс саласы да еркін араласа бермек.
"Көптеген өңірлерде механикалық және гигиеналық қауіпсіздік талаптары қазірдің өзінде ұқсас. Енді әр мемлекеттің талаптарын зерттей отырып, ортақ техникалық нормаларды қабылдау керек", деді.
Мавлияровтың айтуынша, осының бәрі үй бағасының арзандауына ықпал етпек.