Қазақстанда құрылыс заттары қымбаттаған

2175

Қазақстанда құрылыс заттары қымбаттаған

Қазақстанда құрылыс саласындағы баға 2017 жылғы қыркүйекте 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің cтатистика комитеті. 

Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмысының бағасы 3,9%-ға, машина және құрылғылар 1,9%-ға, өзге жұмыстар мен шығындар 3,8%-ға қымбаттаған.

Құрылыс ұйымдары сатып алатын материалдың, детальдар мен конструкция бағасы 2,9%-ға өскен. Портландцемент 9,7%-ға, битум 7,7%-ға, орман материалдары 4,1%-ға, қиыршық тас 3,6%-ға, табақ шыны 3,1%-ға, бояу мен эмаль 2,8%-ға, құм 1,8%-ға, құбыр 1,6%-ға, кірпіш 0,8%-ға қымбаттаған. Ал линолеум 6,2%-ға арзандаған, сондай-ақ гипстің бағасы 4,6%-ға, пластмассадан жасалған құрылыс өнімдерінің бағасы 3%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу