Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті

Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалды. 

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті Фото: Егемен Қазақстан

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсіп, 295,4 млрд теңгені құрады.

Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4% - ға) мен құрылыстарды (5,3% - ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын үйлер (12,5%) алады.

Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалды.

Ең үлкен өсім:

  • Жамбыл обл. – 75,2%-ға
  • Маңғыстау обл. – 55,6%-ға
  • Ақтөбе обл. – 27,8%-ға
  • Абай обл. – 25,3%-ға
  • Қызылорда обл. – 21,3%-ға
  • Атырау обл. – 18,9%-ға
  • Павлодар обл. – 17,0%-ға

Айта кетейік, республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу