Қазақстанда құтырудан 3 адам көз жұмды

132

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Қазақстанда құтырудан 3 адам көз жұмды Фото: eco-sniper.ru

Өткен жылы Қазақстанда құтырудан үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл аурудың ең қауіпті тұсы – емінің жоқтығы. Симптомдар пайда болғаннан кейін құтқару мүмкін емес, нәтиже өлімге әкеледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің дерегіне сәйкес, 2024 жылы елде адам арасында құтыру жағдайы тіркелмесе, 2025 жылы бұл дерт 3 адамның өмірін қиды.

Ал жануарлармен байланыс көлемі өте үлкен: өткен жылы 60 мыңнан астам адам ит, мысық немесе жабайы жануарлардан жарақат алып, дәрігерге жүгінген. 2026 жылдың алғашқы 3 айында ғана 14 мыңнан астам адам зардап шеккен. Биыл әзірге өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Мамандардың айтуынша, құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті вирус. Оның алдын алудың жалғыз жолы – дер кезінде екпе алу.

Жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда:

  • Жараны мол сабынды сумен мұқият жуу керек;
  • Дереу жақын жердегі травмпунктке бару қажет;
  • Дәрігер белгілеген толық вакцинация курсын үзбей алу керек.

Дәрігерлер тұрғындарға жабайы жануарларға жақындамауға кеңес береді. Ал үй жануарларын ұстайтындар оларды уақытылы екпеден өткізіп отыруы тиіс. Егер жануардың мінезі өзгерсе, басқа жануарлармен байланыстан кейін жарақат алса немесе себепсіз өліп қалса, оны бірден ветеринар мамандарға көрсету қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу