Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?

737

Елімізде вакцинаның үш түрі бар: "Казвак", "Синофарм" және "Пфайзер".

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?

Егу пунктеріндегі вакцинаның жалпы қоры 1,5 млн дозаны құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Министрлік өкілі айтып өткендей, 1,5 млн доза вакцинаның 180 мыңға жуығы "Казвак", 1 млн 200 мыңнан астамы "Синофарм" екен. Ал 55 мыңға жуығы "Пфайзер" көрінеді. 

"Казвак" пен "Синофарм" ересек тұрғындарды вакцинациялау мен ревакцинациялау кезінде қолданылады. "Пфайзер" препаратын тек осыған дейін бұл вакцинаның бірінші дозасын алған тұрғындар ғана ала алады. Сондай-ақ вакцинаның бұл түрі 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдерге қолжетімді. Басқа санаттағы тұрғындар үшін Пфайзер қолданылмайды, – деді спикер.

Брифинг барысында Айжан Есмағамбетова "Пфайзердің" 300 мың дозасын, "Казвактың" 500 мың дозасын сатып алуға өтінім берілгенін атап өтті. Вакцинация мен ревакцинациялауға кететін мөлшерін қоса алғанда еліміздегі вакцинаның орташа айлық қажеттілігі 400 мың дозаға дейін жетеді екен. 

"Ауырғандардың 80 пайызы егілмеген немесе алты ай бұрын егілген адамдар екені анықталды. Еліміздегі халықтың 56 пайызынан астамы КВИ-ге қарсы вакцинация алған", – деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу