Елімізде қылмыс деңгейі 1,8%-ға өсті. Қылмыстың басым бөлігін мүліктік қылмыстар құрайды. Атап айтқанда, ұрлық (9,2%-ға) пен алаяқтық (4,6%-ға) саны өскен, деп жазады inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы тұста тонау (1,4%-ға), қарақшылық (24%-ға), бұзақылық (9,3%-ға) қылмыстары азайғанын атап өту қажет.
Балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар 21,3%-ға және жалпы отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар 7,2%-ға қысқарып отыр.
Қаржы пирамидаларын құру және басқару (45%-ға), интернет-алаяқтық (5%-ға) туралы істер азайған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу