Спикердың айтуынша, 2025 Стратегиясын іске асыру барысында Бас прокуратура Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық-процесстік Кодекстерін жетілдіру туралы заң жобасын әзірлеген.
"Прокурорлармен азаматтарды заңсыз ұстаудың 600 фактісі анықталды. 149 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 4 177 тәртіп сақшысына жаза қолданылды", - деді Сапарбек Нұрпейісов.
Сонымен қатар, қылмыстық істерден бөлек прокуратурамен алынған шаралар аясында 22 мың жұмысшының жалақы берешегі өндірілген.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        