Қазақстанда қылмысқа жиі баратындардың портреті жасалды

380

​Қылмыскерлердің 80%-ы – жұмыссыз.

Қазақстанда қылмысқа жиі баратындардың портреті жасалды Фото: rus.delfi.ee

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елдегі құқықбұзушының портреті қандай екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талдау нәтижесі қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыз екенін, үштен бірі бұрын сотталғанын көрсетіп отыр. Тұлғаға қарсы қылмыстардың 30%-ы мас күйде жасалады", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет сағатында.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елдегі құқықбұзушының портретіне тоқталды.

"Жыл сайын шамамен 60 мың адам қылмыстық құқықбұзушылық жасайды. Олардың ішінде 85%-ы – ер адамдар, ал 15%-ы – әйелдер. 93,8%-ы (56 788 адам) – Қазақстан азаматтары, 2,9%-ы (1 783 адам) – ТМД елдерінің азаматтары мен шетелдіктер. Қылмыстық құқықбұзушылықты көбіне 21 жастан 39 жасқа дейінгі тұлғалар жасайды. Бұл жас категориясы барлық құқықбұзушылықтардың жартысынан астамын құрайды. Құқық бүзушының әлеуметтік портреті: 20-40 жас аралығындағы ер адам, жұмыссыз (77%), жоғары білімі жоқ (81%), мас күйінде (15%) құқық бұзады", – деді депутат.

Айта кету керек, бұған дейін ІІМ көңіл көтеру орындарында ішімдікті сату уақытын шектеуді ұсынғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу