Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартуды 12 жасқа дейін төмендету ұсынылды

194

Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік қашан тоқтайды?

Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартуды 12 жасқа дейін төмендету ұсынылды Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Қазақстан халық партиясы фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов өзінің депутаттық сауалында әскердегі өлім, қоғамдағы әлімжеттік пен зорлық жасау, бұзақылық жайттарының тамыры мектептен тарағанын жеткізді. Айтуынша қазір еліміздің білім ордаларындағы тәртіптік жұмысты қайта қарап, үлкен өзгерістер енгізу керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Депутаттың айтуынша, жайлы және қауіпсіз өмір мектептен басталады. Алайда, еліміздегі мектептерде жайлылық пен қауіпсіздік бар-жоғы сұрақ туындатады.

"Қазақстандықтарды кәмелетке толмаған балалар арасындағы зорлау, ұрып-соғуы және өлім туралы жаңалықтардан жағаңды ұстайсың. Партиямыз кең таралған зорлық-зомбылықтың, әскер қатарындағы өлімнің, дені сау және мықты жігіттерді мүгедектік пен өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың негізгі мектепте тамыр жайған бұзақылық, зорлық-зомбылық, бандитизм мен қылмыстық өмір салттың көрінісі деп санайды. Әскерге мектепте деструктивті ортада тәрбиеленген балалар келеді. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттерін сонда жалғастырып жатыр", – деді Магеррам Магеррамов.

Депутаттың айтуынша, мектеп баланы қоғамға интеграциялау процесінің алғашқы қадамы екенін ескеруі керек.

"Зорлық-зомбылықты түбімен жою керек. Бірақ бүгінде агрессорлар, жасына байланысты жазасыз қалып жатыр. Бәлкім, біз заң шығарушылар, Ұлыбритания сияқты қылмыстық жауапкершілікке тартуды 14 жастан емес, 12 жастан бастап қайта қарауымыз керек шығар. Мұндай жауапкершілікті әсіресе зорлық жасау істеріне белгілеу қажет. Уәкілетті орган білім беру процесіне ғана емес, сонымен қатар балалардың моральдық-этикалық мінез-құлқына, эмоциялық-психологиялық тұрақтылығына ерекше назар аударуы керек", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу