Қазақстанда қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру фактілері күрт өскен

1155

Мұндай заңсыз әрекеттерге қарсы күрес бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 141-орында. 

Қазақстанда қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру фактілері күрт өскен

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыруға байланысты 56 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,6%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Салыстырар болсақ өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай 39 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген (-7,1%). 

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың 35,7%-ы немесе 20 факті Шығыс Қазақстан облысында тіркеліпті, ал өткен жылы 1 ғана оқиға орын алған. Осындай аймақтардың үштігіне Алматы (11 жағдай) мен Түркістан облысы (4 жағдай) кірді. Жалпы осы тектес қылмыстар 13 өңірде тіркелген.

2021 жылы ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша мемлекеттер рейтингінде Қазақстан 245 елдің ішінде 141-орынға тұрақтады. Республика индексі 67,29.

Индекс ақшаны жылыстау тәуекелдері, терроризмді қаржыландыру, халықаралық санкцияларға ұшырау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, басқару тиімділігі, есірткі саудасы, адам саудасы жағдайлары сияқты критерийлерді ескереді, сондай-ақ елдердің ЕО салықтары бойынша “қара” тізімге енгізілгені мен оффшорлық шоттарды анықтайды.

Рейтингтегі жетекші орындарда Швеция, Аланд аралдары және Финляндия тұр. Ең төмен индекс Иранда.

ТМД-да Қазақстанның рейтингі жоғары. Ресей тізімнің соңында 208-орында тұр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу