Қазақстанда қымбаттаған билеттер есебінен әуе компанияларының табысы артты

548

ҚР СЖжРА ҰСБ деректері бойынша 2023 жылдың шілдесінде әуе көлігі кәсіпорындарының табысы 80,5 млрд теңгені құрады. Былтыр максимум 73,6 млрд теңге деңгейінде еді, аталмыш көрсеткіш 2022 жылдың тамызында тіркелді. 

Қазақстанда қымбаттаған билеттер есебінен әуе компанияларының табысы артты Фото: inbusiness.kz

Осы жылдың 7 айында компаниялардың жалпы табысы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 276,8 млрд теңгеден 418,1 млрд теңгеге дейін өсті, деп жазады Inbusiness.kz.

Мұндай оң нәтижеге жолаушылар ағынының артуы(бұл авиакомпанияларға негізгі табыс әкелетін жүктер емес, адамдар) бірінші кезекте ықпал етті. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде ұшақтармен тасымалданған жолаушылар саны 7,3 млн адамды құрады – өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға артық.  Ал шілде айында рекордтық көрсеткіш тіркелді — 1 млн 384,9 мың жолаушы.

Екінші себеп — бағаның өсуі. Әуе көлігі қызметтері 2023 жылдың басынан бері 48,4%-ға өсті. Бұл тұрғыда ақпан (+21,5%) және сәуір (+17,7%) ерекше әсер етті. Атап айтқанда, шілде айында қызметтердің құны 4%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу