Қазақстанда Қытай азаматына халықаралық іздеу жарияланды

226

Бұл туралы Қаржы мониторингтік агенттігі мәлім етті.

Қазақстанда Қытай азаматына халықаралық іздеу жарияланды Фото: ҚМА

Ведомство Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Тянь Баоюаньға қатысты іздестіру ісі  барын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ("Аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет") бұзды деген күдікке ілінді.

Бұл баптың санкциясы бойынша 5000 АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылғы есеп бойынша 18 миллион теңгеден асады) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

"Бұл адамға халықаралық іздеу жарияланды, оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп жазылған ҚМА баспасөз қызметінің жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу