Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда қызметінен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау өткізу күнін бекітті. Қаулыда ол желтоқсан айында болатыны көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"2024 жылғы желтоқсанның екінші жексенбісінде қызметтен кеткендердің орнына мәслихат депутаттарының сайлауын бір мезгілде өткізу күні келісілсін. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындау кезінде жоғарыда көрсетілген келісілген күнді басшылыққа алсын", – делінген құжатта.
Осылайша, қызметтен шығарылғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау 8 желтоқсанда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу