Қазақстанда қызылша ауруының төмендеуі байқалады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 

Қазақстанда қызылша ауруының төмендеуі байқалады Фото: inbusiness.kz

2024 жылғы қаңтар айының соңғы үш аптасында Қазақстанда вакцинация нәтижесінде қызылшамен сырқаттанушылық төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, қаңтар айындағы аурушаңдық өткен жылғы желтоқсан айының сәйкес кезеңімен салыстырғанда, республика бойынша 8%-ға төмендеген.

"Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ, 2-4 жас аралығындағы балалар егілді. Яғни, миллионнан астам халық вакцинацияланды. 1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті.

27 мыңнан астам бұрын егілмеген, бірақ байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинациялау жүргізілді. Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, халықты жоспарлы вакцинациялаумен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ, тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады.

"Сонымен, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, емдеуге жатқызу деңгейінің 25%-ға төмендеуі байқалады. Төсек қорының орташа қамтылуы ел бойынша 52%-ды құрайды.

Астана қаласында, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарында төсек-орынмен қамтудың орташа деңгейінен жоғары деңгейде сақталуда", - делінген министрліктің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу