Қазақстанда қызылша өңдейтін ірі зауыт салынады

150

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда қызылша өңдейтін ірі зауыт салынады Фото: canva

Келіссөз барысында Қазақстан аумағында қант зауытын салу мәселелері талқыланды. 

Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі саналатын Safi Holding жылына 140 мың тоннаға дейін қант өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыруға мүдделі.

Зауыттың қызылша өңдеу қуаты – 1 млн тонна. Жобаның болжамды инвестиция көлемі – 150–200 миллион АҚШ доллары. Қазіргі уақытта инвесторлар зауытты орналастыру үшін қолайлы өңірлерді қарастыруда. Орналасатын орынды таңдаудағы басты факторлар – қант қызылшасын өсіруге жарамды егістік жер көлемінің жеткіліктілігі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайын екенін, соның ішінде қолданыстағы заңнама аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға әзір екенін растады.

– Аталған жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Сафи Атакан көрсетілген қызығушылық үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның қант саласын дамытуға қолайлы агроөнеркәсіптік әлеуетке ие екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу