Қазақстанда қызылшаға қарсы 630 мың доза вакцина бар

417

Бұл вакцина қызылша ошағымен байланыста болғандар және екпе алмаған немесе қызылшаға қарсы вакцина алғаны туралы мәлімет жоқ 30-ға дейінгі азаматтарға салынады.

Қазақстанда қызылшаға қарсы 630 мың доза вакцина бар Фото: Pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылшаға қарсы вакцинаның қанша мөлшері бар екенін айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі таңда елімізде қызылшаға, қызамық пен шықшыт безінуінің қабынуына қарсы 630 мың дозадан астам құрама вакцина бар", - делінген министрлік жауабында.

Бұл вакцина алдын алу екпесінің ұлттық күнтізбесі аясында (12-15 айлық, 6 жасар балалар үшін) және қосымша жаппай иммундауға жататын контингентті қамтуға (6-10 айлық, 2-4 жастағы балалар мен бұрын екпе алмаған медицина қызметкерлерін, жоспарлы екпені өткізіп алған 18-ге толмаған адамдарға арналған.

Сондай-ақ, бұл вакцина қызылша ошағымен байланыста болғандар және екпе алмаған немесе қызылшаға қарсы вакцина алғаны туралы мәлімет жоқ 30-ға дейінгі азаматтарға салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу