Бұл туралы Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ол қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін жоспар бойынша және қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинация жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша халықтың 94%-дан астамы жоспарға сәйкес вакцинацияланды, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 11 айдағы ұсыныстарына сәйкес келеді", – деді спикер.
Қосымша иммундау науқаны 949 мыңнан астам адамды вакцинациялауға мүмкіндік берді, деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Еліміздің көптеген өңірлері иммундау жұмыстарын жүргізуде оң динамиканы көрсетіп отыр. Мысалы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Шымкент қалаларында халықтың 70%-дан астамы иммундалды.