Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80%-дан астамы вакцина алмаған

Оның жартысынан көбі ерікті түрде екпеден бас тартқан. 

Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80%-дан астамы вакцина алмаған Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

“Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83%-ы вакцинация алмаған балалар.  Бұл ретте, балалардың 60%-ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар. 

Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкент қаласында – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді”, – деді министр.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв-1093. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу