Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық 11 пайызға төмендеді – Ажар Ғиният

544

Алайда үш өңірде әлі де қолайсыз жағдай сақталып отыр.

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық 11 пайызға төмендеді – Ажар Ғиният Фото: inbusiness.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда желтоқсан айындағы апталарға қарағанда сырқаттанушылықтың 11 пайызға төмендеуі байқалады. 10 өңірде үшінші апта қатарынан сырқаттанушылық азайып отыр. 7 аймақта жағдайдың тұрақталғаны байқалуда, сырқаттанушылық бір деңгейде тұр. Тағы 3 өңірде қолайсыз жағдай қалыптасты, аурудың белгілі бір өсімі бар. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында қосымша вакцинациялау күндері жеткілікті түрде жасалып жатқан жоқ", - деді министр Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, тұрғындарды қызылшаға қарсы екпемен қамту республикалық көрсеткіштен төмен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу