Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

745

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заң талаптарын бұзғаны үшін LinkedIn әлеуметтік желісіне кіру мүмкіндігін шектеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

"Министрлік "Байланыс туралы" Заңның 41-1 бабында қарастырылған тәртіп бойынша аталған интернет-ресурсқа (LinkedIn) кіру мүмкіндігін шектеді", - делінген министрліктің бүгін таратқан хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, LinkedIn интернет-ресурсына жүргізілген мониторинг барысында онлайн-казиноларды жарнамалауға және олардың иелері емес нақты адамдардың атынан жалған аккаунттарды құруға қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

"Мұндай материалдарды орналастыру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына ғана емес, Linkedin интернет-ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келетінін ескеру қажет", – делінген баспасөз хабарламада.

LinkedIn әкімшілігіне анықталған заңбұзушылықтарды және тиісті материалдарды жою жөнінде шаралар қабылдауды талап ететін хабарлама жіберілген. Алайда интернет-ресурстың әкімшілігі бұл ескертуді елемеген. Ведомствоның хабарлауынша, заңбұзушылықтар жойылса, әлеуметтік желіге қайта кіруге болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу