Лотерея сатушылар қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

1027

Аталған кәсіп иелері жалпы кіріс көлемінің жартысын ұтыс қорына салады.

Лотерея сатушылар қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

Елімізде лотерея қызметіне салынатын қосымша құн салығы алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Арнайы заң жобасын әзірлеген тараптың дерегінше, лотерея ойындарын өткізумен айналысатын операторлар шығындарын өтей алмай отыр. Аталған кәсіп иелері жалпы кіріс көлемінің жартысын ұтыс қорына салады. Ал пайданың 42 пайызын Қазақстандағы спортты дамытуға және мемлекеттік төлемге жұмсайды. Қалған қаражат кәсіпкердің өзге шығындарын жабуға жетпейді.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында елімізде жаңа салық кодексі қабылданған болатын. Құжатқа сай лотерея сатушылар қосымша құн салығын төлеуге міндеттелген.

"Инвесторлар келгенде, олар қосылған құн салығын төлеген жоқ. Өткен жылдың желтоқсанында жаңа салық кодексі қабылданды. Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап олар салық төлеушілер қатарына қосылды. Яғни инвесторлардың табысы азайды. Инвестицияларын қайтара алмау қауіпі бар", - дейді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу