Қазақстанда майды қайта өңдейтін 5 зауыт салынып жатыр

201

Астанада Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті.  

Қазақстанда майды қайта өңдейтін 5 зауыт салынып жатыр Фото: oleoscope.com

Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жайы қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгені құрағанын баяндады.

Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өскен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары іске қосылған. 677 инвестициялық жоба, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылуда.

"Бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсуі байқалып отыр. Олар – күнбағыс майы, сиыр еті, қой еті мен картоп. Күнбағыс майы бойынша нақты шаралар қабылдануда: 2024 жылы оның өндірісі 15%-ға ұлғайды, бұл ішкі қажеттіліктен екі есе көп. Биылғы 6 айда өндіріс көлемі 388 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 21,3%-ға артық. Қаңтар-наурыз айларында 294 мың тонна май экспортталды, осылайша өткен жылмен салыстырғанда ол 41%-ға өсті. Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаттылығы 421 мың тонна болатын 5 ірі майды қайта өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр", – деді сала басшысы Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу