Қазақстанда мақта-мата өндірісі 3,4 есе өсті

245

Импорттың үлесі 88,5%-ды құрады.

Қазақстанда мақта-мата өндірісі 3,4 есе өсті Фото: textiletechsource.com

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 4 471 мың шаршы метр мақта-мата өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 1 302,3 мың шаршы метр болған.

Осылайша, бір жылда өндіріс көлемі 3,4 есе артты. Өнімнің басым бөлігі Алматы мен Шымкент қалаларында шығарылған.

Сонымен қатар отандық нарық әлі де импортқа тәуелді. 2026 жылғы қаңтар-тамызда мақта-мата импорты 30,6 млн шаршы метрге жетіп, жалпы ресурстардың 88,5%-ын құрады. Ал Қазақстанда өндірілген өнімнің үлесі 11,5% болды.

Ішкі нарық өнімді өткізудің негізгі бағыты саналады. Сегіз айда 34 362,7 млн шаршы метр өнім сатылып, жалпы пайдалану көлемінің 99,2%-ын құрады. Экспорт 287,5 мың шаршы метр болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу