Қазақстанда мал арасында аусыл індеті тіркелмеген – АШМ

585

Республикада 22 мал індетіне қарсы екпе егіледі.

Қазақстанда мал арасында аусыл індеті тіркелмеген – АШМ Фото: Александр Плонский / «ВиЖ»

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елімізде аусылға қатысты жағдай бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ветеринария комитетінің қызметі – азық-түлік және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан біздер ол жұмысты атқарып отырмыз. Көрші елдерде болып жатқан жағдай бізде жоқ. Инфекцияның таралмауына жол бермеу үшін шекарамыз жабық тұр. Транзитке де, мал өнімдерін әкелуге де жабық. Бізде 22 мал індетіне қарсы вакцина салынады. Қазақстанда аусыл ауруы ешқандай ауыл шаруашылық болсын, сыртта жүрген жануарлардың болсын арасында жоқ. Бұл мәселені бақылап отырмыз. Тек соңғы бір айдың ішінде 7 облыстан мал шаруашылығы жануарларынан сынамаларын алдық. Барлығы теріс нәтиже беріп отыр", – деді Аманғали Бердалин журналистердің сауалына берген жауабында.

Аманғали Бердалиннің айтуынша, елде аусылға, қарасанға және тағы да басқа мал індеттеріне қарсы профилактикалық шаралар жүргізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу