Қазақстанда мал ұрлығының жазасы қатаңдамақ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты. 

Қазақстанда мал ұрлығының жазасы қатаңдамақ Фото: "Ақтөбе" газеті

Мал ұрлығы қайталанған жағдайда немесе қорадан ұрланған жағдайда ауыр қылмыс ретінде саналады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ведомствода өткен онлайн баспасөз мәслихатында министрліктің ресми өкілі енгізілген жеке бапқа тоқталып өтті. 

– Мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодексте жеке бап енгізілді. Ұрлықшының мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Мал ұрлығы қайталанса және қорадан ұрлаған жағдайда жаза қатаңдайды, яғни ауыр қылмыстар санатына жатады, – деді ол. 

Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше, аталған жаза түрі екі жақтың өзара татуласып, ұрының жауапкершіліктен жалтаруына жол бермейді. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев Шығыс Қазақстанда мал ұрлығы өршіп тұрғанын айтып, Ішкі істер министрлігінен мәселені назарға алуды сұраған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу