Қазақстанда малдарды мәжбүрлі жою шаралары жүргізілмейді

176

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді.

Қазақстанда малдарды мәжбүрлі жою шаралары жүргізілмейді Фото: canva

Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желілерде ірі қара малды тәркілеу мен жою туралы таралған бейнематериалдардың Қазақстанға қатысы жоқ екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтай отырып – тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде шектеу шараларын енгізуімен жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар туындаған жағдайда тек республикалық эпизоотияға қарсы отряд тарапынан жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқамалар қабылданған жоқ. Тек ресми мәліметтерге сенуге және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу