Қазақстанда мамандығын ауыстыратындар көбейді

959

Елімізде мамандығын мүлде басқа салаға ауыстыратындар көбейді. Оған біріншіден, пандемия түрткі болған. Қашықтан жұмыс істеуге жіберілгендердің дені үйде құр отырмай, қалауындағы мамандықтарын меңгерген, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстанда мамандығын ауыстыратындар көбейді

Мысалы, Coursera (КоурСэра) ең ірі білім беру халықаралық онлайн-платформасында 15 мыңнан астам қазақстандық тегін курстан өтіп, жаңа кәсіпті меңгерген. Негізі 74 мың адам өтініш берген. Оның 37 мыңы қабылданыпты. 3 мың қазақстандық екі не одан да көп курсты аяқтады.

Кәсібін ауыстыруды қалағандардың дені студенттер емес, жұмыс істейтін 26 мен 30 жас аралығындағы жастар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу