Қазақстанда Мароккадан келген студенттер саны артуы мүмкін

632

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Марокконың Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Рашид Маанинумен кездесті. 

Қазақстанда Мароккадан келген студенттер саны артуы мүмкін Фото: КазТАГ

Кездесу барысында тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп жазады inbusiness.kz Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Министр Саясат Нұрбек пен Елші Мұхаммед Рашид Маанину қазақстандық студенттерге Мароккода білім беру гранттарын бөлу және ҚР жоғары оқу орындарында, оның ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары есебінен мароккалық студенттер санын көбейту мүмкіндігін талқылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар елші өз елінде ғылымның дамуы туралы айтып, осы саладағы ынтымақтастықты ұсынды. Ведомство басшысы бұл бастаманы қолдады.

Кездесу соңында Саясат Нұрбек қонаққа сапары үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу