Қазақстанда маска тағу режимі енгізіліп жатыр

705

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова тиісті қаулыға қол қойды. 

Қазақстанда маска тағу режимі енгізіліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда денсаулық сақтау ұйымдарында маска режимі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында маска тағу режимі енгізіледі. 

2024 жылдың қаңтарында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коронавирусқа байланысты жағдай 2,5 есе өскені байқалады (қаңтарда 477 КВИ (475 КВИ+, 2 КВИ –), желтоқсанда – 176  КВИ+ және 11 КВИ -). Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы қаласына тиесілі (143 жағдай) және Астана қаласында (74 жағдай).

2024 жылғы 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы апталарда республикада 144 КВИ + және 11 КВИ- жағдай тіркелді. Сырқаттанушылықтың 26 жағдайға өсуі байқалады (өткен аптада 129 жағдай). Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы қаласына да тиесілі (37 жағдай) және Астана қаласында (21 жағдай).

Сонымен қатар, республика және барлық өңірлер жасыл аймақта, инфекциялық төсектермен қамтылуы 1%-ды құрайды, стационарда емдеуде 3 пациент бар.

Айта кетейік, шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды. Бұл ретте, соңғы айдың ішінде КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалғанын, сондай-ақ ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықэпидемиясы маусымының жалғасып жатқанын ескере отырып, адамдар көп жиналатын үй-жайларда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барған кезде, науқаспен байланыста болған кезде маска кию ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу