Қазақстанда маусым айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

461

"Қазгидромет" мамандары ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанда маусым айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады? Фото: elorda.info

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның барлық аймағында күн жылы болады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына антициклон әсер етеді.

Тек батыс облыстар мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде термометр бағаны +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу