Қазақстанда медицина қызметкерлері Pfizer препаратымен ревакцинацияланады

1030

Бұл топта 60 жастан асқан адамдар да бар.  

Қазақстанда медицина қызметкерлері Pfizer препаратымен ревакцинацияланады

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

"Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ведомствоаралық комиссияның шешімімен медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды ревакцинациялауды қамтамасыз етеді", – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Сонымен бірге ол қазіргі уақытта халықты ақылы түрде Pfizer препаратымен вакцинациялау туралы мәселе талқыға түспегенін айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният "Комирнати" вакцинасы 60 жастан асқан адамдарға қолжетімді болатынын айтқан.

Еске сала кетсек, Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға 10 қарашада жеткізілді.  Жалпы республика 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алды, бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Әзірге Pfizer вакцинасын 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер заңды өкілдерінің ерікті келісімімен жүкті және бала емізетін әйелдер ғана ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу