Қазақстанда медицина өнімдерін сынақтан өткізетін орталық құрылады

601

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда медицина өнімдерін сынақтан өткізетін орталық құрылады

"Індетпен күрес кезінде дәл сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті. Сондықтан медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек. Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн. Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек. Отандық тауар өндірушілермен жасалатын offtake келісімшарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет. Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана отандық өнім. 2025 жылы оны елу пайызға жеткізу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу