Қазақстанда медициналық қызметкерді сақтандыру ұсынылды

1222

Қазақстанда медициналық қызметкерді сақтандыру ұсынылды

Елімізде медициналық қызметкерлерге сақтандыру полистері берілуі мүмкін. Мұндай ерікті сақтандыру өнімін нарық ойыншылары ұсынып отыр. Мамандардың пікірінше, бүгінде әлемдік тәжірибеде аталған технология кеңінен қолданылуда. Егер дәрігерлер қате жіберген жағдайда, зардап шегуші сақтандыру ақысына емделе алады. Бұл медициналық қызметкердің де, емханалардың да жауапкершілігін арттырады. Яғни сотқа жеткізбей сақтандыру компаниясын олқылықтың орнын толтыруға көмектеседі. Осылайша, емделушілер сақтандыруы бар емханаларды таңдай алады. Сәйкесінше, қызмет бағасы да жоғары болады. Аталған бағытта жыл басында сауалнама жүргізілген болатын. Оған 14 мың медициналық қызметкер қатысып, оның 63 пайызы бастаманы қолдайтынын айтқан.

Айта кетсек, соңғы екі айда елімізде дәрігердің жауапсыздығына байланысты ресми түрде 150 шағым келіп түскен.

Олег Ханин, сақтандыру компаниясының директоры:

"Егер бұл істі қолға алсақ, екі үш жылдың ішінде батыспен салыстыра отырып, тұжырымдамасын жасап шығаруға болады. Бастысы біздің елдің мінез құлқы мен әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Бұл жерде емханалар өздеріне сақтандыру полистерін сатып алады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу