Қазақстанда медициналық масканың бағасы төмендетілді

636

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте маска бағасын төмендетуді тапсырған болатын.  

Қазақстанда медициналық масканың бағасы төмендетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша қорғаныш маскаларына 40 теңге, бір реттік медициналық маскаларға 60 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын белгіледі", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу