Медициналық оңалту шарттары
Медициналық оңалту қызметін меншік нысанына қарамастан, тек "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асырады.
Оңалту қызметтері:
- ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі);
- МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру);
- Ерікті медициналық сақтандыру және ақылы негізде көрсетіледі.
Төтенше жағдайлар немесе пандемия кезінде оңалту қолжетімділігін арттыру үшін қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер енгізіледі.
Медициналық оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдар:
- Республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары;
- Көп бейінді стационарлардағы (облыстық, қалалық, аудандық) медициналық оңалту бөлімшелері;
- Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың оңалту бөлімшелері немесе кабинеттері;
- Санаторийлік-курорттық ұйымдар.
Медициналық оңалтудың негізгі қағидаттары:
- Ерте басталуы;
- Үздіксіздік және сабақтастық;
- Жеке және мультипәндік тәсіл;
- Дәлелденген, тиімді және қауіпсіз әдістерді қолдану;
- Барлық кезеңдерде оңалту қызметін ұсыну;
- Инновациялық оңалту әдістерін енгізу.
Медициналық оңалтудың деңгейлері:
- Бірінші деңгей – Функционалдық мүмкіндіктері 1-2 баллмен бағаланатын науқастарға көрсетіледі. Оңалту арнайы бөлімшелерде және амбулаториялық деңгейде жүргізіледі;
- Екінші деңгей – Мамандандырылған бөлімшелерде немесе орталықтарда жүзеге асырылады. Неврология мен нейрохирургия бағытындағы пациенттер үшін жағдай 2-5 баллмен, басқа бейіндер үшін 2-4 баллмен бағаланады;
- Үшінші деңгей – Республикалық мамандандырылған ұйымдар мен оңалту орталықтарында өткізіледі. Науқастардың жағдайы жоғарыдағы деңгейлермен сәйкестендіріліп бағаланады.
Медициналық оңалтудың кезеңдері:
- Бірінші кезең – Аурудың жедел (72 сағатқа дейін) және жіті кезеңдерінде стационар жағдайында (реанимация немесе бейінді бөлімшеде);
- Екінші кезең – Алғашқы 6 айда қалпына келтіру кезеңінде стационарлық жағдайларда;
- Үшінші кезең – Аурудың салдарларын жою үшін амбулаториялық, санаторийлік, немесе қашықтықтан медициналық көмек арқылы жүргізіледі.
Оңалту тиімділігі:
- Айқын оң динамика;
- Орташа оң динамика;
- Динамиканың болмауы;
- Теріс динамика.
Жаңа стандарт медициналық оңалту жүйесінің тиімділігін арттыруды және пациенттерге қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуді көздейді.