Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Өткен жылы елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 11 104 бірлікті құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1% артық (2021 – 10 871бірлік).
Олардың ішінде:
4638 – қалалық жерде (+237)
6466 – ауылдық жерде (-4)
Меншік нысаны бойынша оның 5 681 – мемлекеттік (51,2%), 5423 – жеке меншікте (48,8%).
2021 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 233 бірлікке өскен. Бұл ретте қалалық жерлерде олардың саны 237 бірлікке артса, ауылдық жерлерде керісінше 4 бірлікке азайған.
Мектепке дейінгі ұйымдар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1369 бірлік. Алғашқы үштікке Алматы облысы – 1142 және Алматы қаласы – 899 кірді.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің көлемі 182,8 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,3% көп (2021 жылғы 1-тоқсанда – 150,6 млрд теңге) .