Ведомствоның мәліметінше, 34 жобадан 79 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәліметтерге сенсек, Қарағанды облысында "Қарағанды Су" кәсіпорны "Негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту" жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу сатысында 5 түрлі құбырдың құнын артық жобаланғаны белгілі болды.
"Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша жобаның мәлімделген сметалық құны 23 миллиард теңгеден 16,8 миллиард теңгеге дейін қысқартылды. Осылайша 6,1 миллиард теңге үнемделді. Бұл секілді "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын талдау барысында өндіруші немесе олардың дистрибьюторлары ретінде саналмайтын жеткізушілердің ұсыныстары негізінде интерактивті сенсорлық панельдің құнын арттыру фактісі анықталды", – делінген агенттік хабарламасында.
Бұдан бөлек агенттік жеткізушілердің артық баға ұсынғанын анықтап, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мен өзара іс-қимыл жүзеге асырылды. Панельдердің бағасын нарықтық деңгейге дейін түсіргендерден 14 миллиард теңге қысқартылды.